Механика-математика факультетінің Математика кафедрасының профессоры Серікбай Әбдіғалиұлы Айсағалиевтің таңдамалы еңбектері жинақталған монографиясы жарыққа шықты.

14.10.2021

Көрулер: 1632

Механика-математика факультетінің Математика кафедрасының профессоры Серікбай Әбдіғалиұлы Айсағалиевтің таңдамалы еңбектері жинақталған монографиясы жарыққа шықты.
 
Монография автордың интегралдық теңдеулер, қарапайым және интегро-дифференциалдық теңдеулердің шекаралық есептері, басқару және оңтайлы жылдамдық теориясы, экстремалды есептер теориясы, дифференциалдық қосындылары бар теңдеулерді шешудің тұрақтылығы бойынша іргелі ғылыми зерттеулерінің нәтижелері негізінде жазылған. Жоғарыда аталған бағыттар бойынша сапалы теорияның шешілмеген мәселелерін шешу ұсынылады.
 
Басылым ғылыми қызметкерлерге, докторанттарға, магистранттарға және математикалық мамандықтардың жоғары курс студенттеріне, сондай-ақ динамикалық жүйелерді есептеумен айналысатын механиктер мен инженерлерге арналған.