Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымының докторы, профессор Мұхтарбай Өтелбайұлы Өтелбаевпен кездесу өтті

04.10.2021

Көрулер: 1489

 

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Механика-математика факультетінде, барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымының докторы, профессор Мұхтарбай Өтелбайұлы Өтелбаевпен кездесу өтті. 70-тен аса ғылым кандидаттары мен 15-тен аса ғылым докторларын дайындаған ұлағатты ұстаз өзінің өмір жолы мен қызықты оқиғаларынан сыр шертті. Кездесу барысында студенттер сұрақ қойып, академикпен пікір алмасты. Аса қадірлі Мұхтарбай Өтелбайұлының өнегелі өмірі - білім жолындағы талантты жастарға әрқашан да үлгі.