Бүгінгі таңда Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне кіргізген "ғарыш техникасы және технологиялары" мамандығы өзекті және сұранысқа ие.
08.10.2021
Көрулер: 1630
Бүгінгі таңда Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне кіргізген "ғарыш техникасы және технологиялары" мамандығы өзекті және сұранысқа ие. Ғарыштық мамандықтардың алғашқы түлектері Қазғарыш кәсіпорындарына жұмысқа келуде. "КазИнформ" тілшісіне берген сұхбатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің Механика кафедрасының Ғарыштық техника және технология мамандығының түлектері Дарья Комарова мен Карина Пангиреева Қазақстанның солтүстігіндегі шағын қалашықтың пайдасына таңдау жасауға және ғарышты жақсы көруге не себеп болғанын айтып берді.