Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Айдархан Жүсіпбекұлы Қалтаев әл-Фараби күміс медалімен марапатталды

09.01.2021

Көрулер: 1778

 

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 20 қараша 2020 №391 бұйрығына сәйкес Қалтаев Айдархан Жусіпбекұлы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін дамыту жолдағы еңбегі үшін» күміс медалімен марапатталды

 

Айдархан Жүсіпбекұлы 1973 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың механика-математика факультетін "механика" мамандығы бойынша бітірген.

1975-1978 жылдары-ҚазМУ аспиранты. С. М. Киров "механика" мамандығы бойынша.

1984 жылы кандидаттық, 1999 жылы докторлық диссертация қорғады.

2008-2010 жылдары-ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы.

Геоэнергетика бойынша магистрлер мен докторларды бірлесіп даярлау жөніндегі қазақ-француз орталығының үйлестірушісі.

 

Гранттарының иегері:

* Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО-ISTC, 1998, 2002, 2003 жж.),

* Герман академиялық алмасу қызметі (DAAD, 2004 және 2008 жж.),

* "Қазақстан университеттерінің үздік оқытушысы", ҚР БҒМ, 2006 ж., 2011 ж.

 

 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!