ӨНЕРТАБЫС ПАТЕНТІ
06.01.2021
Көрулер: 1635
Механика кафедрасының доценті Джамалов Нутпулла Камаловичті «Иінтіректі көтергіш» өнертабысы үшін Қазақстан Республикасының No 34823 патентін алуымен құттықтаймыз!
Өнертабыс машина жасау саласына, атап айтқанда машина жасаудың көтеру – тасымалдау саласына қатысты және оны құрылыс, жөндеу және монтаждау, профилактикалық, жүккөтеру және басқа да жұмыс түрлері үшін қолдануға болады.
Өнертабыстың мақсаты қонструкцияны жеңілдету, көтергіштің орнықтылығын арттыру болып табылады.