“Біргеміз – берік іргеміз” атты дәстүрлі ҚазҰУ ішілік турнирі өтті

03.02.2020

Көрулер: 1838

МКМ мамандығының 3 курс студенті, “Алтын Сапа” ИПК координаторы Н.Н.Құлахмет ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша “Еріктілер жылын” кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған “Біргеміз – берік іргеміз” атты дәстүрлі ҚазҰУ ішілік турнирін 02.02.2020 күні сағат 8:00-19:00 аралығында өткізді.

Турнир өткізудегі негізгі мақсаттары:

  • ·        Жастардың тұлғалық дамуына үлес қосып, елімізді көркейтер ұлтжанды азаматтарды даярлау;
  • ·        Әлемдегі ашылып жатқан жаңашыл дүниелерді насихаттап жастар санасын кеңейту;
  • ·        ҚазҰУ жастарының бастарын бір арнаға тоғыстырып, пікір алмастыру, достық көпірін орнату;
  • ·        Еріктілер жылын кеңінен насихаттау еді.

Турнирда 21 шақты қатысушылар болды және де турнир «БП Еріктілер жылын тиімді атап өтудің механизмін ұсынады», «БП Қазақстандағы қайырымдылық қорларының санын арттырады» сынды т.б. тақырыптарды қамтыды.