Профессор Даирбаева Л.М. мен доцент Каруна О.Л. «ERASMUS SMARTCITY» жобасы аясында іс-сапарда болды

03.12.2019

Көрулер: 1660

18 қараша мен 25 қараша аралығында Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының қызметкерлері профессор Даирбаева Ләззат Мансұрқызы мен доцент Каруна Оксана Леонидовна «ERASMUS SMARTCITY» жобасы аясында іс-сапарда болды. Сапар мақсаты- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Хемниц технологиялық университеті, Германия, Хемниц қаласы арасында екі дипломды білім беру бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін талқылау. Сапар шеңберінде МКМ мамандығының магистранттарын бірлесіп дайындау туралы белгілі бір уағдаластыққа қол жеткізілді, сондай-ақ Герман жоғары оқу орнымен екі дипломды білім беру бағдарламасы әзірленетін болады.