Механика кафедрасының оқытушылары «Қазақстандағы жаңартылатын энергия» Қазақстан-Герман форумына қатысты

26.11.2019

Көрулер: 1451

     26 қараша (сейсенбі) 2019 жылы Алматыда «Рахат Палас» қонақ үйінде Германиядан келген делегацияның қатысуымен Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша Қазақстан-Герман форумы өтті. Германиядан келген экономикалық делегацияның сапарының мақсаты қазақстандық кәсіпорындармен іскерлік байланыс орнату, сондай-ақ Қазақстан нарығында күн және жел энергиясы саласындағы тауарлар мен қызметтерді ұсыну болды.

     Аталған форумға механика кафедрасының оқытушылары, доцент Туралина Д.Е., доцент А.Т. Төлепбергенов және докторант Г.Жұмабаева да қатысты.

 

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.