«QS World Wide -2019» Халықаралық форумы аясында

21.09.2019

Көрулер: 1480

   Қыркүйек айының 17-21 аралығында біздің университетімізде «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» тақырыбында QS World Wide халықаралық форумы өтті.

  Аталған форум ғылым мен жоғары білім беру саласындағы озық тәжірибелермен алмасу және тарату бойынша әлемдегі бірегей және ірі платформа болып табылады. Осы Форум аясында Малайзияның ПЕТРОНАС технология университетінің (UTP) профессоры Ханита Дауд бастаған ғалымдары механика-математика факультетінде зертханаларды аралап, механика, математика және ақпараттық технологиялар салалары бойынша ақпараттармен алмасты.