Токия университетінің профессоры Шиничи Накасуканың іс сапары

15.05.2019

Көрулер: 1905

2019 жылдың 26-сәуірінен 3- мамыры аралығында Жапонияның Токио университетінің профессоры Шиничи Накасука әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болды.

Профессор Шиничи Накасука Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика кафедрасының «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының студенттеріне дәріс оқыды. Докторанттарға, сонымен қатар З.Ракишеваның. «Жерді қашықтықтан зондтау үшін спутниктер шоғырының қозғалысын басқару жүйесін құрастыру» атты ғылыми жобасына қатысты кеңестер берді

Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен Жерді зондтау жөніндегі басқару жүйесімен жаңа наноспутникті құру бойынша жұмыс жоспарлары талқыланды.