"Махаббат - өмір өзегі"

11.04.2019

Көрулер: 1951

Механика кафедрасының 1 курс докторанттары Тукешова Г., Меркибаева Б. және Кайыров Р. педагогикалық практика аясында "Махаббат - өмір өзегі" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді (11.04.2019). Кураторлық сағатқа "Механика" мамандығының 2 курс студенттері, қатысты. Үш командаға бөлінген студенттер арасында сайыс өтті. Әр команда "Ата-анаға деген құрмет пен махаббат", "Досқа деген құрмет пен махаббат" және "Қыз бен жігіт махаббаты " деген тақырыптар бойынша көріністер көрсету арқылы тақырыпты ашуға тырысты. Барлығы бірге "Ханшайымым" әнін орындады. Сабақ соңында студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Кураторлық сағатқа механика кафедрасының оқытушылары қатысты.