Әйелдер мерекесіне арналған куратор сағаты

05.05.2019

Көрулер: 321

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің меxаника кафедрасының 2 курс студенттері және куратор эдвайзер, PhD докторант Кусембаева Қуаныштың жетекшілігімен  8-Наурыз  қарсаңында "Сыйынар ем Ана деген тәңірге" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағаты барысында студенттер ашық сабақты "Адай" күйімен бастап, әр ұстазға арнап жазылған өлең жолдарын арнады. Студенттер цирк өнерін көрсетіп, би билеп, арнайы қойылым көрсетті. Кафедраның әйел азаматтарына жақсы көңіл күй сыйлап, гүлдер ұсынды.