Космонавтика күніне арналған халықаралық ғылыми семинар

17.04.2019

Көрулер: 2051

2019 жылы 12 сәуірде сағат 14:00-де әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінде ҚР БҰҰ Ақпарат Бюросы және Пан Ги Мун Тұрақты даму институты­ның қолдауымен Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күніне арналған «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы ғарыш технологиялары» халықаралық ғылыми семинары өтті.  

 Ғылыми семинарда келесі тақырыптар талқыланды:

  • Ғарыштық зерттеулер саласындағы биотехнология ;
  • Күн энергиясы және ғарыш технологиялары;
  • Ғарыш өркениеті және болашақтың технологиялары;
  • Ғарыш қалдықтары және тұрақты даму.

 

 

 

 Ғылыми семинар жұмысына ҚР БҰҰ өкілдері, БАҚ өкілдері, ЖОО профессорлары мен ғалымдары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасы «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының және журналистика факультеті «журналистика» мамандығының студентері қатысып, баяндамалар жасалды.

Механика кафедрасының оқытушылары ф.-м.ғ.к., доцент Ракишева З.Б., ф.-м.ғ.к. доцент Грищенко В.Ф.  және студент Пилпани Роланд баяндама жасады.

Семинар жұмысы Проректор, Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтының директоры Рафис Абазов, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Гульмира Султанбаева және механика-математика факультеті механика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., доцент Зауре Ракишевалардың жетекшіліктерімен ұйымдастырылды.

Семинар соңында семинарға қатысушыларға Дипломдар мен Сертификаттар табысталды.