Берлин техникалық университетіндегі магистранттардың тағылымдамасы

25.04.2019

Көрулер: 2004

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының магистранттары (барлығы 24 магистрант) Берлин техникалық университетінде (Берлин, Германия) «Халықаралық ғарыш мектебі» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтті.

10 күнге созылған тағылымдама барысында профессор Брисс К., профессор Орлов М.А, профессор Галайко Д., профессор Рэмбо Н. секілді алдыңғы қатардағы ЖОО-ның жетекші профессорларының дәрістерін тыңдады. Дәрістер серіктік жүйелерге шолу, СТК-ға кіріспе, аспан механикасы және ғарыштық динамика, серіктік шағын жүйелер, тексеру жүйесі, деректерді өңдеу негіздері, наносеріктерді бағдарлау және басқару жүйесі, наноспутниктік жобалау әдістемесі, жаһандық тұрақты инновациялар  деген кең ауқымды тақырыптарды қамтыды, танымдық ақпараттары мол әрі өте пайдалы болды.

Дәрістерден бөлек заманауи «Өнертапқыштық мәселелерін шешу теориясы» (Теории Решения Изобретательских Задач - ТРИЗ) бойынша профессор М.А.Орловтың шеберлік сабағына қатысты. Бағдарлама бойынша жоспарланған барлық дәрістер тыңдалды және оқудың соңында тағылымдамадан өткенін растайтын сертификаттар мен заманауи ТРИЗ шеберлік сабақтарына қатысқандарын растайтын сертификаттарға ие болды.

Тағылымдама бағдарламасы маңызды таныстырылымдық бөлімді қамтыды: Нойштерлиц қаласындаағы (Германия) DLR  неміс аэроғарыштық орталығына экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында аэроғарыштық орталығының мамандары орталықта орналасқан серіктер туралы әңгімелеп берді. Олар теңіздегі ахуал туралы хабардар ету, ионосфералық мониторинг пен болжау орталығы, теңіздегі навигацияның қауіпсіздігі мен нақтылығы туралы қашықтықтан зондтау туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар магистранттар Рейхстагты, Бранденбург қақпаларнын да көріп қайтты.