Экологиялық сенбілік

15.04.2019

Көрулер: 2197

Механика кафедрасының бірінші курс докторанттары университетіміздің "Айналаңды нұрландыр" атты инновациялық бағдарламасы аясында 14-сәуір күні «Фурманов шыңы» бағыты бойынша экологиялық сенбілік ұйымдастырды. Тауды қоқыстардан тазартты. Бұл акцияға Францияның Нанси университетінен (Nansy-Universite) келген профессор Оливие Ботелла да қатысты.

Біздің осындай әсем жерлеріміздің табиғатын сақтап қалу, қоршаған ортаны қорғау, тазалығын қадағалау әр-бір саналы азаматтың парызы деп білеміз.

Егер әр адам осындай экологиялық сенбіліктерге кем дегенде бір рет қатысса, онда ол екінші рет қоқыс тастамас па еді, қоршаған ортаны ластамас па еді. Осындай үмітпен барлық Қазақстан Республикасының ЖОО студенттерін экологиялық сенбілікті қолдауға шақырамыз. Салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл шара одан әрі қолдауын табады деген сенімдеміз!

Табиғат жанашыры болайық. «Экологиялық сенбілік» эстафетасын жалғастырайық!