Профессор Оливьер Ботелланың іс сапары

14.04.2019

Көрулер: 1981

2019 жылдың 7 сәуірі мен 14 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетіне Францияның Нанси университетінің профессоры Оливьер Ботелла іс сапармен келді. Ол өзінің қысқа мерзімді сапары барысында қос дипломдық бағдарлама бойынша механика кафедрасының«Геоэнергетика» мамандығында білім алушы магистранттарға дәріс оқыды.

Сапар барысында механика және математика факультетінің басшылығымен кездесу өткізілді, онда одан әрі ынтымақтастықтың келешегі, атап айтқанда, механика және энергетика, сондай-ақ математикалық мамандықтар бойынша бірлескен білім бағдарламаларын (Joint Programme) әзірлеу және жүзеге асыру жайы талқыланды.