«Алматы марафон -2019»

22.04.2019

Көрулер: 402

Сәуірдің 21-де Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы өтті. Оған әлемнің 53 елінен келген 17 мың спортшы қатысты.

Дәстүрге айналған «Алматы марафоны» жарысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық униваерситеті механика кафедрасының оқытушылары мен студенттері де белсене қатысты. Механика кафедрасының доценті Алибаева Қарлығаш марафонды (42 км) жүгіріп өтсе, жартылай марафонды (21 км) кафедра маманы Қарқынбеков Нұртілеу,  4 курс студенттері Темірханов Әмірхан мен Молдағалиев Әлібек, 10 км қашықтықты кафедра магисранттары Қырғызбаева Арай, Ерболат Асылбек, Сагиндикова Аяна, Сарсенова Балжан және докторант Инкарбеков Медет, ал  балалар қашықтығына (3 км) доцент Д.Е.Туралинаның балалары Амандық пен Жақсылық қатысып, жүйріктер атағына таласты.

 «Алматы марафоны» жарысының мақсаты бір жағынан салауатты өмір салтын насихаттау болса, екінші жағынан қайырымдылық іс шара. Жарысты ұйымдастырушылардың берген ақпараттары бойынша биылғы жарысқа қатысушылардың жарнасынан түскен қаражаттың бір бөлігі балаларға арналған спорттық алаңдарды тұрғызуға жұмсалмақ.

Осындай бүкіл әлем қолдап отырған ізгі істерге қатысып, белсенділік танытқан әріптестеріміз бен студенттерімізді құттықтаймыз!. «Алматы марафонына» қатысушылар көбейеді деген сенімдеміз!

www.almaty-marathon.kz