Ашық тәрбие сабағы

11.04.2019

Көрулер: 2006

Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде механика кафедрасының бірінші курс докторанттары Айдашева Г., Ахметова Б, Мех 18-3 кураторлық тобымен, куратор-эдвайзер Байысбаева О., "Ана бақыты – балада!" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шараға 25 студент қатысты. Барлық оқытушылар мен механика-математика факультетінің Механика кафедрасының меңгерушісі шақырылды. Ақпарат презентация түрінде көрсетілді, сондай-ақ студенттер "Соқыр ана" атты көріністерін көрсетті, ана туралы монологтар оқылды, домбырада ку» шертілді, хормен "Ана туралы жыр" әні айтылды.

Кафедра меңгерушісінің орынбасары Туралина Д. Е. және бірқатар оқытушылар сөз сөйледі.

Іс-шара студенттер мен қатысушылар үшін өте пайдалы болды.