«Жердің экологиялық мәселелері» атты ашық тәрбие сағаты өтті

10.04.2019

Көрулер: 2656

Механика кафедрасының бірінші курс докторанттары Босинов Д.Ж., Кутимов Қ.С., Ембергенова Д.Б. куратор-эдвайзер Туралина Д.Е. жетекшілігімен “Азаматтық қайырымдылық қоғамды қалыптастыру”, инновациялық  жобасы аясында, «Экологиялық мәселелер» тақырыбында ашық тәрбиелік сабақ өткізді. Ашық сабаққа  «Механика» мамандығындағы мех 2a, 2б, тобының 1- курс студенттері қатысты. Студенттер «Төле би»  атты көрініс көрсетті. Экологиялық мәселелер  туралы баяндама жасады, гитарада ойнап, барлығы қосылып бірге «Атамекен» әнін орындады.

Аталған тәрбие сабағына қонақ ретінде аль-Фараби атындағы ҚазҰУпедагог, психолог мамандары, механика-математика факультетінің механика кафедрасының оқытушылары мен докторанттары, басқа топ студенттері де шақырылды.