Механика кафедрасының студенттері «Тайбурыл» қоғамдық бірлестігінің стипендиясын жеңіп алды

14.03.2019

Көрулер: 2305

2018 жылдың қараша айында «Тайбурыл» Қоғамдық бірлестігі «Білім беруді қолдау» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның «Тағылымдамасына» байкау жариялады.

Байқаудың мақсаты еліміздің техникалық мамандықтарының талантты түлектеріне және студенттеріне қолдау көрсету, кәсіптік - техникалық білім беру мәртебесін көтеру болып табылады.

Аталған байқауға техникалық мамандықтар бойынша оқыған еліміздің жоғары оқу орындарының түлектері мен студенттері қатысты. Нәтижесінде 15 студент «Тайбурыл» қоғамдық бірлестігінің стипендиаты атанды. Олардың ішінде механика кафедрасы «Ғарыштық техника және технология» мамандығының 4-курс студенті Роланд Пилпани мен 1-курс магистранты Есенжол Марғұлан да бар.

«Тайбурыл» қоғамдық бірлестігінің http://taiburyl.kz/ сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес жеңімпаздар Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы өндірістік компанияларында тәжірибеден өту үшін 6 ай бойы стипендия алатын болады.

Құттықтаймыз!