«ЖАСТАР ЖЫЛЫ-ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ» тақырыбындағы олимпиада

20.02.2019

Көрулер: 2037

Азаматтық Авиация Академиясының №20 «Жалпығылыми пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен  2019  жылдың 22 ақпан күні Жоғарғы оқу орындарының арасында физика және математика пәндері бойынша «ЖАСТАР ЖЫЛЫ-ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ» тақырыбында олимпиада өткізіледі.

Олимпиадаға ЖОО-ның 1 курс студенттері қатыса алады. Олимпиадаға қатысу үшін сауалнаманы толтырып, Алматы қаласы,  Ахметова көшесі 44, №20 «Жалпығылыми пәндер» кафедрасы, 311 аудиторияға немесе a.kemelbekova@mail.ru. электрондық почтасына жіберулеріңіз қажет.

Олимпиадаға қатысушы өзімен бірге міндетті түрде студенттік билетін алып келуі керек.

Сұрақтарыңыз бойынша телефон: +7 747 392 72 54

2019 жылдың 20 ақпанына дейін тіркелу қажет.

Ұйымдастырушы: № 20 кафедра

 

Қатысушы туралы жалпы мәлімет

Қатысушының аты-жөні 
ЖОО атауы
Мамандық Курс Электрондық  мекен-жайы