Алматы қаласы РФММ қабырғасында Қазақстандық университеттер өкілдерінің қатысуымен білім беру көрмесі өтті

06.02.2019

Көрулер: 2371

Алматы қаласы РФММ қабырғасында Қазақстандық университеттер өкілдерінің қатысуымен білім беру көрмесі өтті.

Бұл іс-шараның негізгі қатысушылары - Алматы қаласы РФММ жоғарғы сынып оқушылары.

Іс-шараға қаланың 10-нан астам университеті қатысты. Сонымен қатар осы көрмеде ал-Фараби атындағы ҚазҰУ-ің механика-математика факультетінің механика кафедрасының оқытушылары да болды. Көрмеге келген оқушылар мен отбасы мүшелеріне кафедраның және жалпы ЖОО-ның жоғары білімі, сонымен қатар механика кафедрасының мамандықтары және оқуға түсу талаптары, стипендия алу мүмкіндіктері туралы презентация түрінде ақпарат ұсынылды.

Механика кафедрасының аға оқытушылары А. Мұхамедғали және С. С. Демесинова қойылған сұрақтар мен барлық мәселелер бойынша тиісті кеңес берді. Іс-шара әсіресе 2019 оқу жылының түлектері үшін пайдалы болды.

Механика кафедрасының аға оқытушысы

Туралина Д.Е.