«Шапшаң, биік әрі күшті!» атты спорттық іс-шара өтті.

13.11.2018

Көрулер: 2359

27.10.2018 сағат 14.00-17.00 аралығында ҚазҰУ спорт кешенінде Механика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Д.Е.Туралина мен 2-курс PhD докторанттарының ұйымдастыруымен «Шапшаң, биік әрі күшті!» атты спорт жарысы өтті.

Спорттық жарысқа №6 және №8 жатақхана студенттері, Механика және ҒТТ мамандығы бойынша оқитын студенттер, Байсбаева О., Сахаева А., Шаяхметов Н., Ибраев А куратор-эдвайзерлер және Енсебаева Г, Кенжебаева М., Куатова М., Каимов А., Наукенова А, Тлеуберды А., Мадибайулы Ж. механика кафедрасының 2 курс PhD докторанттары қатысты.  Спорттың сегизгі сегіз түрінен (мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс, бадминтон, қолкұрес) студенттер арасында жарыс өтті. Жарысқа мини-футболдан - 10 команда, волейболдан - 4 команда , үстел тенниске - 20 студент, шахматқа - 16 студент, тоғызқұмалаққа - 7 студент, арқан тартысқа - 4 команда, бадминтонға - 13 студент, қолкұреске – 13 студент қатысты.

Аталған ойын түрлерінен жеңімпаздар спорт сайысының сертификаттарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды:

 

Мини-футбол

I орын - 1 курс Механика студентері;

Волейбол

I орын - 1 курс Механика студентері;

Арқан тартыс

I орын - 1 курс КТТ студентері;

Бадминтон

I орын - Аршабекова Айгерім (Механик, 4 курс)

II орын - Аманбаева Жұлдыз (Механик, 1 курс)

III орын - Айтқожа Жансая (Механик, 1 курс)

Шахматы

I орын - Мамырайм Ердос (Механик, 1 курс)

II орын - Бақытжан Оразбек (Механик, 1 курс)

III орын - Аманов Біржан (КТТ, 1 курс)

III орын - Сапар Ерсайын (Механик, 1 курс)

Үстел теннисі

I орын – Өтепов Жасұлан (КТТ, 4 курс)

II орын - Туляпов Ерсұлтан (ВТиПО, 4 курс)

III орын - Батырханов Мәділхан (КТТ, 4 курс)

Тоғызқұмалақ

I орын - Алдан Бекжан (Механик, 1 курс)

II орын - Танкибай Бауыржан (Механик, 1 курс)

III орын - Нұрбол  Нұрсұлтан (Механик, 1 курс)

Қолкұрес

I орын - Амангельді Нұрымжан (КТТ, 1 курс)