ҚазҰУ-да«Application of Information and Communication technologies» халықаралық конференциясы өтті

18.10.2018

Көрулер: 2646

2018 жылдың 17-19 қазанында ҚБТУ, ҚазҰУ және СДУ университеттерінің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында «Application of Information and Communication technologies» атты 12-ші халықаралық конференциясы өтті. Конференция барысында Нидерланды, Малайзия, Индия, Иран, Әзербайжан, Түркия, Бразилия, Пәкістан, Словакия, Литва, Австрия, Китай, Латвия, Ресей мемлекеттерінен ғалымдар қатысты. Қазақстаннан 34 ғалым қатысып, соның ішінде ҚазҰУ-дан 10 ғалымның баяндамасы тыңдалды. Конференция 5 секция бойынша жұмыс жасады:

1 секция. Үлкен деректерді басқару және қосымшалары

2 секция. Зияткерлік деректерді өңдеу және деректерді жобалау

3 секция. Жоғары есептеулер және машина жасауды үйрену

4 секция. Киберсақтандыру проблеммалары

5 секция. Жаңа тенденциялар және ИКТ қолдануындағы технологиялар