Total Energy жазғы мектебінің жабылу рәсімі
Көрулер: 3314
2018 жылдың 14 маусымында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғ.М. қатысуымен, бірінші проректор Бүркітбаев М.М., сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Франция елшісі, Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері, TOTAL компаниясының бас директоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Орсариев А. және француз депутаттар тобының қатысуымен Total Energy компаниясының жазғы мектебінің жабылу рәсімі өтті.
Total француз мұнай-газ компаниясы Royal Dutch Shell, British Petroleum және ExxonMobil кейін әлемдегі өндіріс көлемі бойынша төртінші орынды алады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 11-15 маусым аралығында француз профессорлары Michel Fouteau, Jean Bera және басқа профессорлардың қатысуымен жазғы мектеп өтті.