2016 жылдың 23-25 қараша аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінде профессор Хасен Ибрашұлы Ибрашевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстандағы математика– өткені мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция болды.

25.11.2016

Көрулер: 5194

Конференция бағдарламасы бойынша:

1. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғ.М.Мұтанов пен  конференция қонақтарымен бірге профессор Х.И. Ибрашев атындағы сары залдың салтанатты ашылуы өтті.

2. Конференцияның ашылуы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғ.М.Мұтанов құттықтау сөзімен басталып, «Хасан Ибрашев. Өнегелі өмір» атты кітаптың тұсаукесері болды.

3. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің ғылыми кеңесінің кеңейтілген мәжілісі болып, механика-математика факультетінің деканы профессор М.Ә. Бектемесов профессор Х.И. Ибрашевтің педагогикалық пен қоғамдық қызметі туралы баяндама жасады.

4. 23-25 қараша аралығында профессор  ХАСЕН ИБРАШҰЛЫ ИБРАШЕВТЫҢ 100-жылдық мерейтойына арналған «Қазақстандағы математика – өткені және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өз жалғасын тапты. Пленарлық отырыста академик НАН РК, профессор Блиев Н.К., профессор Темиргалиев Н.Т., профессор Сулейменов Ж.С. баяндамалар жасады.

 

Конференция келесі төрт секция бағытында өтті.

1. Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика

2. Есептеу математикасы, математикалық пішіндеу және информатика

3. Функциялар теориясы және функционалдық анализ

4. Математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі