«EREN ENBEGI USHIN» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАУ
08.02.2021Ф.-м.ғ.д., профессор Искакбаев Алибай Искакбаевич 75 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін «EREN ENBEGI USHIN» медалімен марапатталды
Ф.-м.ғ.д., профессор Искакбаев Алибай Искакбаевич 75 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін «EREN ENBEGI USHIN» медалімен марапатталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығаратын «International Journal of Mathematics and Physics» «Web of Science»(Clarivate Analytics) беделді халықаралық деректер базасының платформасындағы «Emerging Sources Citation Index» дәйексөз индексіне енгізілді.
Байқауға Қазақстанның 73 жоғары оқу орнынан үміткерлер қатысты. Жеңімпаздардың құрметті тізіміне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 18 оқытушысы енді.
PhD, механика кафедрасының доценті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасының алғашқы постдокы атанды.
2020 жылы желтоқсан айының 23-де Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Профессоры А.Қ. Ершинаның 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 45-жылдығына арналған «Білім берудің инновациялық дамуы, ғылымды қажет ететін өндіріс және баламалы энергия көздері» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2020 жылдың 11-желтоқсанындағы №457 бұйрығына сәйкес Шерьязданов Галим Бекенович әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін «EREN ENBEGI USHIN» медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі, Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін механика-математика факультетінің деканы, Ph.D доктор Даурен Бақытбекұлы Жакебаевқа алғыс білдірді.
2020 жылдың 29 желтоқсанында механика-математика факультетінің Ғылыми кеңесінің отырысында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА академигі Әбдібеков Уәлихан Сейділдәұлын мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады.
Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті механика кафедрасының меңгерушісі Ракишева Зәуре Баяновнаға төтенше жағдай және карантин кезеңінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс хат табыс етті.
2020 жылдың 27 желтоқсанында механика-математика факультетінің қабырғасында ғылыми кеңес өтті, онда физика-математика ғылымдарының докторы, математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының профессоры Хаджиева Лела Азретовнаны мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады.