Әл Фараби атындағы ҚазҰУ мен Белинский атындағы университеттің студенттері мен ұстаздарының кездесу өтті.

21.02.2021

Көрулер: 2083

Бүгін әл Фараби атындағы ҚазҰУ мен Белинский атындағы университеттің студенттері мен ұстаздарының кездесу өтті. Белинский атындағы мемлекеттік университеттің жалпы журналистика кафедасының меңгерушісі, профессор Екатерина Константиновна  Рева құттықтау сөз сөйлеп,  алдағы уақытта, ары қарай байланыс жасайтынын атап өтті.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ нің ЮНЕСКО,  халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, профессор Назгүл Тұрсынбайқызы Шыңғысова университет, факультет өмірінен қысқаша бейне ролікті көрсете отырып, алдағы уақытта екі университеттің бірлесіп жасайтын, жобалары, студент алмасу, ұстаздардың да екі жақты тәжірибе алмасуы жайындағы жоспарларын айтты. Белинский атындағы мемлекеттік университеттің студенттер өз кезегінде  журналистика мамандығына қатысты біраз сұрақтар қойды. Біздің университетке келіп оқу  қызықтыратындарын айтты. Жақында ғана екі университеттің арасында келісім шартқа қол қойылған еді. Енді алдағы уақытта талай бірлескен ғылыми жобалар т.б жалғасын табады деп ойлаймыз.