Дәулетбек Байтұрсынмен кездесу

06.03.2020

Көрулер: 2063

әл- Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен «Халықаралық журналистика» апталығы аясында  белгілі қаламгер, ақын- жазушы,  жазушылар одағының, журналистер одағының мүшесі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, «Алматы» телеарнасы ұйымдастырған жыр мүшайраларының жүлдегері, Түркияның Елазық қаласында өткен түркі мемлекеттерінің халықараалық «Һазар чиір акшамлары» фестивалінің дипломаты. Қырғыз Республикасының «Молда Бағыш» атындағы әдеби сыйлығының лауреаты, «Жас толқын» «Күнәсіз мекен», «Мәңгілік мекен», «Ләтипа лүпілі» т.б. жыр жинақтарының авторы - Дәулетбек Байтурсынұлының шеберлік сағаты өтті. Дәулетбек Байтұрсынұлы  кездесу барысында жас кезде алған білімнің, оқыған кітаптың тасқа жазған таңбадай болып есте қалатынын, ал жас келгенде алған білмнің нәрі бойға сіңбейтінін, шаршаған, қартайған рухтың білім нәрін сіңіруі де қиын екенін кішкентай бір мысалға сидырып айтты. Тек кітап жәйлі сөз етіп қана қоймай, еркін түрде сұрақ-жауап алмастырды. Адамға ой салатын жақсы сұрақ қойған студенттерге өз кітаптарын силады.