PR маманы Әлішер Елікбаев ҚазҰУ да қонақта

13.10.2019

Көрулер: 2212

2019 жылдың 13-ші қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған үлкен шара болып өтті.   Журналистика факультетінің «Халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс» апталығы - Университетіміздің мерейтойына арнап ұйымдастырылған болатын. Осыған орай,ПР саласының алдыңғы қатарлы мамандарының бірі-Әлішер Елікбаев, біздің арнайы шақыртуымызбен шеберлік сынып сағатын өткізді. Шараны ұйымдастырушылар – Юнеско, халықаралық журналистика және қоғамдық  медиа кафедрасы. Жауапты оқытушылар- кафедра меңгерушісі-Назгүл Тұрсынбайқызы мен аға оқытушы- Баян Асқарқызы.

     Студенттердің сұранысы бойынша ұйымдастырылған бұл шараның ақпараттық және танымдық маңызы өте зор болғаны сөзсіз.  Кездесуге ынта білдірушілердің саны өте көп болғандықтан, шеберлік сағат механика-математика факультетінің «үлкен залында» өткізілді.  PR  саласының қыр-сырын жан-жақты меңгерген Ә.Елікбаевпен ашық сұқбаттасуға ҚазҰУ-нің студенттерінен бөлек, басқа да бірнеше  Университеттердің студенттері келіп қатысты. Себебі бұл кездесу- «Ашық есік» аясында өткізілді.

     Әлішер Елікбаев сөз басында Университетімізді айтулы мерейтойымен құттықтап, өзінің дәл осы оқу орнының журналистика факультетінің түлегі болғанын мақтанышпен айтып өтті. Кездесуге келген студенттердің сұрағында шек болмады. Сондықтан кездесу көбіне сұрақ-жауап түрінде өтті. Әңгіме барысында әсіресе, келген қонақтың PR саласындағы жаңа да тың идеяларымен бөліскендігі көпшіліктің көңілінен шықанын атап өту керек. Студенттер шеберлік сағаттың тақырыбы бойынша арнайы тапсырыспен дайындалған  тәтті торттан ауыз тиді. Жиын соңында кафедра меңгерушісі Н.Шыңғысова қонағымызға алғысын айтып, Б.Мұсаева кафедра атынан арнайы естелік-сыйлық тарту етті.