"Nur.kz" сайтының редакторы Самат Төреқұлдың шеберлік сағаты

07.10.2019

Көрулер: 3083

Жетінші қыркүйек күні ҚазҰУ-дың 85 жылдық мерейтойына орай  журналистика факультетінде өтіп жатқан " PR  апталықтың" аясында Nur.kz сайтының редакторы Самат Төреқұлдың  шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатты ұйымдастырушылар кафедраның оқытушылары Назым Мухамедиева мен Мейіргул Жетпісбаева.

Қазақстанның ұлттық банкінің еншілес ұйымы "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының" жетекші маманы. талдау және қоғамдық байланыс департаментінің қызметкері болып жұмыс атқарған, бұл күнде Nur.kz  сайтының редакторы Самат Төреқұл студенттермен кездесу барысында өзі қызмет еткен банк саласындағы PR маманының атқаратын жұмысы туралы біраз ақпарат берді. 

Шеберлік сағатында Самат қазіргі өзі қызмет атқаратын сайт жұмысына кеңінен тоқталды. Жалған ақпараттың таратылуы және ақпараттың  жалған немесе шынайы  екенін ажырата білу туралы өз тәжірибесімен бөлісті.  Кездесу барысында студенттер Самат Төреқұлға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, толық жауап алды.