Құрметті жас түлек!

01.07.2019

Көрулер: 2310

Құрметті Жас түлек!!!

Әл-фараби атындағы Қазақ  ұлттық университеті журналистика факультеті «Халықаралық журналистика» мамандығына абитуренттер қабылдайды!!! Егер сіз жоғары білімді журналист әрі халықаралық қатынас сарапшысы, әлемдік ақпараттық құқық саласының білгір маманы, шетел журналистикасы, мемлекеттану маманы болғыңыз келсе КАЗҰУ-ге келіңіз! Жаңа мамандыққа грант бөлінді. Халықаралық журналистика – Қазақстанның сыртқы саяси және ішкі экономикалық қызметінің рефлекторы, коммуникативті құзыреттіліктің жаңа деңгейі, халықаралық сараптама, саяси комментарилер және жобалау! Оқыту процесі  халықаралық деңгейдегі бағдарламалар негізінде тілдік дайындықты күшейту бағытында ұйымдастырылады. ЮНЕСКО , халықаралық журналистика және қоғамдағы медиа кафедрасы 12 шетелдік жоғары рейтингті  ЖОО-лармен әріптестік байланыс орнатқан, академиялық мобилділік, тағламдамалара мен бірлескен ғылыми зерттеулер жайлы келісімшарттарға отырған. Сонымен қатар кафедра FIBAA агенттігінен Халықаралық аккредитациядан өткен, Қазақстан-2018 ЖОО білім беру бағдарламалары рейтингісінде 1 орынды иеленген. Кафедраның түлектері  шетелдік коррбөлімшелерде, СІМ  баспасөз қызметінде, әлемдік сектордың жаһандық  мәселелеріне сараптама жасап, Қазақстанды шетелге жоғары деңгейде таныстырып келеді.

Сіздерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде күтеміз!