Ербол Шаймерденов атындағы аудиория ашылды

25.05.2019

Көрулер: 2533

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде белгілі ақын, публицист, көрнекті рәмізтанушы, танымал қаламгер, Қазақстандағы қоғаммен байланыстың негізін қалаушылардың бірі Ербол Шаймерденов  атындағы аудиторияны  ашу салтанаты болды.
    Салтанатқа еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар, БАҚ өкілдері, оқытушы-профессорлар құрамы,  студенттер мен жас ғалымдар қатысты.
        Заманауи құралдармен  жабдықталған аудиторияның лентасын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов пен ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин қиды.
Аудиторияны жабдықтауға Е.Шаймерденовтің отбасы үлкен көмек көрсетті. ЮНЕСКО, халықаралық журналистика жəне қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі Н.Т. Шыңғысова замануи технологиялармен жабдықталған қайраткер азамат атындағы аудиторияның «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге аса пайдалы болатындығын, аталмыш аудиторияда болашақта студенттердің қатысуымен көптеген  игі шаралардың өтетіндігін, шетелден келген профессорлардың дəрістері ұйымдастырылатындығын қуана жеткізді.  Жиында Е.Шаймерденовтің тұстас замандастары, бірге қызмет атқарған əріптестері айтулы тұлғаның еліміздің  мадениетіне, баспасөзіне, тіл саласына сіңірген еңбегін тебірене жеткізіп, естеліктер айтты. Ұлт руханиятының қайраткері туралы  Парламент Мәжілісінің депутаттары Рахман Алшанов пен Зəуре Аманжолова,  белгілі ақын Несіпбек Айтұлы, белгілі қаламгер Смағұл Елубай т.б. жүрекжарды лебіздерімен бөлісті.

 
ОтветитьПереслать