PR-дан ең мықты кейс

14.05.2019

Көрулер: 2484

        Алматыда XVII "Сиреневый PRорыв" атты xалықаралық студенттік конференция "Digital ұрпақ үшін digital PR” тақырыбымен өтті.

         Жыл сайын еліміздегі ЖОО-да "Қоғаммен байланыс" мамандығынында оқитын студенттер кәсіби қазылар алқасына экономикалық, әлеуметтік, бизнес мәселелерін шешуге бағытталған жобаларын ұсынады. 

    Дәл осы байқауда жеңіске жеткен студенттер қазылар алқасының көзіне түсіп, коммуникация саласында мансаптарын бастаған. 

      Соңғы кездері байқауда шешілу қажет тапсырмадарды алдын ала емес, финалға өткен студенттерге тапсырма дәл байқау кезінде берілетін болды. Қатысушылар әр мәселені шешу үшін түрлі PR теxнологияларын, кейстерді, әдістер мен құралдарды пайдалана отырып өз шешімдерін ұсынады. Биылғы жылы тәжірибелік секция Қазақстандық баспасөз клубының 25 жылдығына арналды. Бұл баспасөз клубы еліміздегі қоғаммен байланыс саласын дамытудың негізгі діңгегі болып отыр. Сол себепті қатысушыларға атаулы күнді танытудың жолдарын ойлап табу тапсырылды. Бұл додада жеңісті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрамында Салтанат Мажитова, Ануар Магзумов, Жанерке Тлеу және Дана Шауленова бар топ еншіледі. Оларға құнды сыйлықтар табысталып, жеңімпаздар үлкен тәжірибе жинақтады.

    А.В.РОЖКОВ

    Жоба жетекшісі