Жарнама Ассоциациясы жас PR-шыларға кәсіби кейстер ұсынды

28.02.2019

Көрулер: 2533

 

Орталық Азия Жарнама Ассоциациясы (ОАЖА) әл-Фараби ат. ҚазҰУ-да ақпанның соңғы күнінде «Медиатұтыну эволюциясы. Қазақстан бойынша шолу мен серпін. ТД, сыртқы жарнама және диджитал – негізгі медиа-арналар» тақырыбына ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдағы медиа кафедрасының студенттеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді.

         Кәсіби жарнамашылар соңғы деректерді PR-шылармен ықыластана бөлісіп, еліміздің жарнама нарығындағы үдерістер туралы әңгімеледі. Қонақтар студенттермен және магистранттармен арада сындарлы сұхбат орнатты. Жас PR-шылар сұрақтарға ықыласпен жауап беріп қана қоймай, кафедра воркшопы қонақтарының сөздерін бірден іліп әкетіп, өз пікірлерін білдірді, сөйтіп, университетте алған білімдері мен дағды-машықтарын көрсетті. Сондай-ақ ОАЖА өкілдері Дана Дәуленбаева, Алина Тұрсынова, Айман Қапанова, Марина Бузубаева оқытушыларға және өзге факультеттердің білімгерлеріне арнап инновациялық кейстер әзірледі.

Жарнама ассоциациясының сарапшылары 2014-2018 жылдар аралығындағы 5 жылдық кезеңдегі Қазақстан жарнама нарығында болған неғұрлым жарқын үрдістерді нақты бейнелеп берді. Олардың назарында теледидар, радио-, баспасөз, сыртқы және интернет-жарнама сынды бес медиасегмент болды. «Орталық Азия Жарнама Ассоциациясының» атқарушы директоры, жарнамада 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар Дана Дәуленбаева стратегиялық жоспарлау және тиімділікті бағалау үдерістеріне көп көңіл бөлді.

«Кока-Кола» брендіне қолдау көрсетумен айналысатын «Universal McCann Kazakhstan» Бас директоры Алина Тұрсынова қазіргі заманғы жарнама панельдерінің мүмкіндіктерінің, контенттің, қоғаммен байланыс пен жарнаманың өзара байланысын паш етті. Ол студенттермен бірге 2014 жылғы 7%-дан 2018 жылғы 16% -ға дейінгі өсімді көрсеткен интернет-жарнаманың серпінді дамып келе жатқандығын айғақтап берді. Студенттер тілге тиек еткен «Евразия» Бірінші арнасының «Қалаулым» шоуының жарқын мысалында жұрттың барлығы контент жасаушылардың, оны жылжытушылар мен қолдаушылардың тізе қосқан жұмысының қаншалық маңызды екендігіне көз жеткізді.

DDB «Openeyes» ЖА директоры Айман Қапанова онлайн жарнама бойынша тұсаукесер негізінде: Тордағы бейне тренд пе немесе коммуникацияның жаңа бір маңызды арнасы ма? деген тақырыпқа аудиториямен пікірталас жүргізді. Бейнеқызметтердің маңыздылығы және оларды қолданудың ерекшеліктері жөніндегі пікірлер бір арнада тоғысып жатты. Айман Капанова жастарды «Youtube-та» өз арналарын жасауға және оларды сапалы контент көмегімен кеңінен таратуға шақырды.

«TV Media Digital» агенттігігінің директоры (ГазПромМедиа Диджиталдың ҚР-дағы ресми әріптесі, Google-дың сертификатты әріптесі) Марина Бузубаева студенттер мен магистранттарға есеп айырысу қағидаттарын, қазіргі заманғы медиатаратушылар мен жарнама арналарының рейтингтерін бағалау мүмкіндігін ұсынды.

Шеберлік сыныбының бүкіл өн бойында әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенттері ассоциация қатысушыларының сұрақтарына белсене жауап беріп, кездесудің соңында онлайн-викторинаға ықыласпен атсалысты. Жеңімпаздар сертификаттарға ие болды, ал жиналғандардың барлығы кәсіби саладағы соңғы жаңалықтарға қанықты. ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдағы медиа кафедрасының меңгерушісі, филол, ғыл. д. Назгүл Тұрсынбайқызы Шыңғысова қонақтарға рахмет айтып, студенттер мен магистранттардың ОАЖА жобаларына қатысуын мақұлдауға қол жеткізді. Мансапқа жетуге өздігінен білім алу, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту осылайша дем бермек.

 

Александр Викторович Рожков,

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының доценті, ф.ғ.к.