Продюсерлермен өткен кездесу

19.01.2019

Көрулер: 2378

19 қаңтар күні ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі профессор Н.Т. Шыңғысованың ұйымдастыруымен елімізге танымал жас режисер продюсер Бакыт Кадер, Айдие Айдарбеков және кафедрамыздың түлегі Балапан телеарнасының кастинг директоры  Аяулым Түймеханмен шеберлік сыныбы өтті. Өздерінің білімдерін шетелде жалғастырған жас режиссерлер бірінші курс студенттеріне кино саласының жетістіктері мен болашағы туралы сонымен қатар PR мамандығын бітірген студенттің кино саласында да жұмыс жасай алатындығы туралы ойларын ортаға салды. Студенттер өздерін қызықтырған барша сауалдарына мағыналы жауап алып, спикерлермен қимай қоштасты.