Саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ-ҚДСЖМ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КАФЕДРАСЫ

Телефон : 8(727) 221-16-21, ішкі телефон: 16-21 

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ-ҚДСЖМ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КАФЕДРАСЫ

 Медицина факультеті-ҚДСЖМ денсаулық сақтау саясаты және оны ұйымдастыру кафедрасы 2016 жылдың маусым айында құрылды. Мақсаты – қоғамдық денсаулық сақтау бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, денсаулық сақтауды реформалау жағдайында менеджмент, маркетинг, экономика және фармация сұрақтары бойынша денсаулық сақтау органдары мен мекемелері жетекшілерінің біліктілігін арттыру. Кафедра, магистранттар үшін денсаулық сақтау саласындағы менеджмент бойынша арнайы курстарды оқытуды қамтамасыз етеді. Аталған пәндер, басқару, экономика мәселелеріне, сапа менеджменті және медициналық ұйымдардың жұмысын құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған.

Кафедра оқытушылары, халықаралық ұйымдармен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігімен, республикамыздың облыстық және қалалық денсауклық сақтау басқармаларымен тығыз байланыста және денсаулық сақтауды басқару мен экономика саласында зерттеу және ғылыми-консультациялық қызметтерде көпжылдық тәжірибеге ие.

Кафедра меңгерушісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор Капанова Гульнара Жамбаевна. Кафедра қызметкерлері барлық бағытта белсенді жұмыс істейді: денсаулық сақтау менеджменті, қоғамдық денсауклық және денсаулық сақтау, денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы, басқару психологиясы, қоғамдық денсакулық сақтау бойынша бағдарламаларды экономикалық талдау, ғылыми-зерттеу жобаларын басқару, стратегиялық жоспарлау және т.б. смалаларда білім беру, ғылыми-зерттеу, консалтингтік және сараптамалық қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, медицина ғылымдарының докторы, профессор  Танбаева Гульнур Зейналовна,  PhD докторы Балмуханова Алтынай Максатовна, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Байгонова Кайни Сагымбаевна, заң ғылымдарының кандидаты, доцент  Мауленова Бахыт Нусифовна.

Университет кафедраларының рейтингісінің қорытындысы бойынша 2017 жылы біздің кафедра ҚазҰУ-да бірінші орынға ие болды.

Кафедра сондай-ақ қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында мамандар даярлауды жүргізеді.

2019 жылы - біз барлық бағдарламаларды қайта өңдедік, сондай-ақ 8d101 - медицина докторантурасы бойынша жаңа бағыт аштық, онда бағдарлама медицина саласындағы зерттеушілерді даярлауға бағытталған және екі бағыт бойынша-прецизиондық медицина және математикалық үлгілеу бойынша дайындықты көздейді.
      Сондай-ақ 2019 жылы Мейірбике - зерттеушілерді даярлау бойынша магистратураның инновациялық бағдарламасы (клиникалық сынақтар менеджменті және электрондық тіркелімдер менеджменті бойынша) әзірленді, Денсаулық сақтау менеджменті бойынша 2 жылдық жаңа бағдарлама әзірленді.
Барлық бағдарламалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енді, сарапшылар мен жұмыс берушілер мақұлдады.
Қазіргі уақытта кафедрада Моңғолия мен Ауғанстаннан келген шетелдік студенттер де білім алуда.

 

Саясат және денсаулық сақтау ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы

Капанова Гульнара Жамбаевна

Тел: +7 727 2211621, ішкі телефон: 1621

email: g.kapanova777@gmail.com ; Gulnara.Kapanova@kaznu.kz

 

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары

                             Балмуханова Алтынай Максатовна 

                          Тел: +7 701 754 68 50, ішкі тел.:1621

                                 email: a.balmukhanova@bk.ru

 


   

Кафедра меңгерушісінің оқу, әдіс және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

                                        Айманова Ляззат Бахтияровна

                             Тел: +7 702 103 37 83, ішкі тел.:1621

                                  email: Lyazzat.Aimanova@kaznu.kz



 

м.ғ.к., доцент

Байгонова Кайни Сагимбаевна

Тел: +7 727 2211621,  ішкі телефон: 1621

e-mail: ksbaigonova@mail.ruKaini.Baigonova@kaznu.kz

 

з.ғ.к. доцент

Мауленова Бахыт Нусифовна

Тел: +7 727 2211621,  ішкі телефон: 1621

e-mail: ksbaigonova@mail.ru ; Kaini.Baigonova@kaznu.kz