Этнолог клубының жетекшісі, аға оқытушы Г.А.Кабдолдинаның ұйымдастыруымен А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Әнді сүйсең менше сүй» тақырыбындағы ән кеші

19.02.2020

Көрулер: 1604

Этнолог клубы Ұлы ойшыл, ағартушы А. Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына қарсаңында бай мұрасын насихаттап ұрпақ бойына дарыту мақсатында Құнанбай қажының шөпшегі Ысқақова Нұргүл Әлішерқызын кездесуге шақырды. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық косерваториясы, Халық әні кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Күзеубай Амангелді Ұзақбайұлы шәкірттерімен және Алатау дәстүрлі өнер театрының артисі артисі, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты, дәстүлі әнші Исаев Санат Ауғанбайұлы Абай әндерін шырқады. Ұлағатты әңгіме айтылып, әсем ін шырқалған керемет кеш болды.