Дәстүрлі және заманауи этнология ғылымы: Қазақстандық және әлемдік зерттеулер

06.04.2020

Көрулер: 1909

2020 жылы 6 сәуір күні VII халықаралық Фараби оқулары студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби Әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясының «Дәстүрлі және заманауи этнология ғылымы: Қазақстандық және әлемдік зерттеулер» атты секциясы археология, этнология және музеология кафедрасының жетекшілігімен онлайн zoom-бағдарламасы арқылы өтті. Аталған секцияның модераторлары т.ғ.д., профессор м.а. Б.К. Калшабаева және аға оқытушы Г.А.Кабдолдина болып бекітілді. Қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, оларға профессор-оқытушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тақырыптары жан-жақты талқыланды. Айта кететін жайт, бұл онлайн-конференцияға студенттердің ғылыми жетекшілері мен осы секцияға қызығушылық танытқан басқа да оқытушылар қатысты. Қорғалған баяндамалардың ішінде т.ғ.к. Шалгинбаева Сәуле Хамитовнаның жетекшілігімен жазылған Молдашова Аиданың «Историография народов Восточной Европы по краниологическим данным XIX века» атты баяндамасы оқытушылар тарапынан жоғары деңгейде бағаланды. Музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығының 2 курс студенті Берікболова Нүргүлдің «Шығыс Қазақстандағы орыс халқының көне дін ұстанушыларының тарихын зерттеу (староверы)» атты баяндамасы да қызықты әрі тың тақырыптарының бірі болып есте қалды. Тыңдалған баяндамалардың ішінен ең үздік студенттердің жұмысы проректор Т.С. Рамазановтың дипломымен марапаттауға ұсынылды. Бірінші орын – Молдашова Аида, екінші орын Берікболова Нүргүл мен Темірәлі Асем, үшінші орынды Петренко Никита мен Шатохин Никита иеленді.

Ұйымдаструшы: Археология, этнология және музеология кафедрасы