«ХІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

26.04.2019

Көрулер: 143

Тарих, археология және этнология факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі және «Таңбалы» мемлекеттік қорық-музейімен бірлесіп ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы даланың жеті қыры және Еуразия археологиясы мен этнологиясының өзекті мәселелері» атты «ХІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Конференцияға археология, этнология жəне музей ісі саласының Ресейден, Əзірбайжаннан, Украина жəне тағы басқа мемлекеттерден келген ғылыми қызметкерлер, магистранттар мен студенттер қатысты. Конференция 4 секция бойынша жұмыс істеді: 1. Ұлы даланың жеті қыры жəне Еуразия археологиясы; 2. Этнология ғылымындағы жаңашылдық жəне дəстүр; 3. Музей ісі жəне мəдени мұра; 4. Жас ғалымдар мінбері

Археология, этнология және музеология кафедрасы