Ботай мәдениеті және Орталық Азиядағы энеолиттік ескерткіштер

04.04.2019

Көрулер: 2054

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының аясында қойылған міндеттерді орындау мақсатында бүгін VI Халықаралық «Фараби оқулары» аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған «Ботай мәдениеті және Орталық Азиядағы энеолиттік ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы басталды.

Конференцияның негізгі мақсаты – дала өркениетінде алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігін дәлелі болып табылатын Ботай мәдениетінде ұзақ жылдардан бері т.ғ.д., профессор, Герман археологиялық институтының корреспондент мүшесі В.Ф. Зайбертің жетекшілігімен және әлемдік деңгейгедегі жетекші ғалымдар зерттеулері нәтижелерін саралау және болашаққа бағдар жасау.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Дания, Қытай, Германия, Литва, Италия т.б елдерден келген ғалымдар қатысты.

Сонымен қатар бұл конференцияда Ғылым жəне жоғарғы білім саласына сіңірген орасан зор еңбегі үшін Алан Оутрам мырзаға «əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті докторы» атағы берілді.

Археология, этнология және музеология кафедрасы