Флоренцияның реставрациялық орталығындағы тағылымнама

08.03.2019

Көрулер: 1875

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Ғани Омаров, профессор Досбол Байгунаков, белгілі реставратор Қырым Алтынбеков және аға оқытушы Самат Сапатаев Италияның Флоренция қаласындағы 1588 жылдан бері жұмыс істейтін "Opificio delle pietre dure" реставрациялық орталығында 25 ақпан мен 8 наурыз аралығында ғылыми тағылымнамадан өтті. Тағылымнама барысында өнер туындыларын концервациялау және тасымалдауға байланысты дәрістерді тыңдап, орталықтың реставрациялық жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Археология, этнология және музеология кафедрасы - Алтынбеков К.К., Омаров Ғ.Қ., Байгунаков Д.С., Сапатаев С.А.