Үйлену оңай, үй болу қиын: отбасылық құндылықтар трансформациясы

18.10.2018

Көрулер: 2363

ҚР Президенті Н. Назабаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тарих, археология және этнология факультетінде 18 қазан 2018 жылы, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясымен бірлесе отырып «Үйлену оңай, үй болу қиын: отбасылық құндылықтар трансформациясы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында қазақ қоғамындағы ұлттық салт-дәстүрлердің құндылықтарының маңызы талқыланып, қазіргі қоғамдағы отбасы рөлі мен маңызы да қарастырылды, мамандар мен ғалымдардың сараптамасы негізінде сабақтастығын талдай отыра ортаға ой салынды, пікір алмасу өтті.Дөңгелек үстел барысында әл-фараби атындағы ҚазҰУ, археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры Қалыш А.Б. "Транскрентті экономика жағдайындағы Қазақстан отбасының көрген қиындықтары", ф.ғ.д., АТУ профессоры Зәмзәгүл Қодар "Қазақстан Республикасындағы қазіргі отбасы қай бағытта дамиды?", әл-фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің профессоры Қабақова М.П. "Психологические аспекты функционирования казахстанской семьи",
т.ғ.к., әл-фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының доценті Шалгинбаева С.Х. "Особенности городской семьи в городах Алматы и Тараз",
әл-фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, т.ғ.к Баудиярова К.Б. "Оңтүстік Қазақтандағы қазақ отбасыларындағы неке тұрақтылығы", ҚазМемҚызПУ-дың т.ғ.к., қауымдастырылған профессоры.
Исаева А.И. "Қазақстан республикасындағы жетімдер мәселесі", әл-фараби атындағы ҚазҰУ Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы аға оқытушысы Райымбекова М. "Қазақстан қырғыздары отбасыларының ортақтығы және ерекшеліктері", Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының жетекшісі
Жайлыбаев Д.Ж. "Қазақстан әзірбайжандары отбасыларының ерекшеліктері",
әл-фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының 2 курс магистранттары Шағатаева А. "Қазақстандағы еврейлердің отбасылық әдет-ғұрыптары",
Жүсіпқалиев С. "Қазақстандағы қытайлардың неке көрсеткіші" атты баяндамаларын оқып, дөңгелек үстел басындағы студенттер, жас оқытушылар мен жиынға қатысушылар арасында қызу талқыға салынды.

Тарих, археология және этнология факультеті