Іс-шаралар күнтізбесі

Археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуұлы Елеуовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Жібек жолы мен Қазақстан керуен жолдарының урбанизация процесіндегі маңызы» атты халықаралық семинар

20.05.2021

2021 жылдың 20 мамырында Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану" орталығында әл-Фараби Қазақ Ұлттық университеті, археология, этнология және музеология кафедрасы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейімен бірлесе отырып, археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуұлы Елеуовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Жібек жолы мен Қазақстан керуен жолдарының урбанизация процесіндегі маңызы» атты халықаралық семинар ұйымдастырылды. Семинарға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, Жамбыл облыстық мәдениет басқарма басшысы Ерлан Жүнісбай, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі директоры Рысбек Сейітжан, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директоры Нұрлан Бықыбаев, сонымен қатар Шерхан Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану" ғылыми-зерттеу орталығы басшысы Сауран Қалиев, факультет деканы Мендігүл Ноғайбаева және археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Жұматаев Ринат қатысып, құттықтау тілектерін жолдады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ректоры Ж.Қ. Түймебаев атынан құттықтау адресаты мен "Ерең еңбегі үшін" медалін факультет деканы Мендігүл Сағатқызы табыстады. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті ректоры Е.Б. Сыдықов "Күлтегін" медалімен марапаттады.

Жамбыл облысы әкімі атынан "құрмет" грамотасын Дәулет Кәрібек, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет атынан құттықтау адресаты, ҚР Парламент Сенатының депутаты Н. Жүсіп, Халықаралық түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Онлайн форматта бірнеше құттықтау, естеліктер айтылып, семинар жоғары деңгейде өтті.

Ары қарай оқу >>

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жексембекова атындағы орта мектеп оқушыларына археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушыларымен кездесу

12.05.2021

12.05.2021 г. была проведена профориентационная работа в КСШ им.А. Жексембекова с.Тургень, Алматинской области, Енбекшиказахского района совместно с преподавателями кафедры археологии, этнологии и музеологии к.и.н. Е.М. Тургунбаевым и ст.преподавателями кафедры Иманбековой А.А. и С.Т. Сагындыковой.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы «Үздік Жас ғалым – 2021»

06.05.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының PhD докторанты, аға оқытушы Бесетаев Бауыржан Берқанұлын ғылым мен білім саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы «Үздік Жас ғалым – 2021» төс белгісімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қонаев атындағы орта мектеп оқушыларына археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушыларымен кездесу

05.05.2021

 

05.05.2021 ж. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қонаев атындағы орта мектеп оқушыларына археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушылары профессор Т. Е. Қартаева, аға оқытушылар А. К. Бейсегулова, А. А. Иманбекова және т.б. кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.  

Ары қарай оқу >>

Әл фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінде өткізілген « Ұлттық мұра» кездесуі

05.05.2021

05.04.2021 жылы Әл фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінде зум платформасында Т.ғ.к., аға оқытушысы Баудиярова Құралайдың ұйымдастыруымен "Ұлттық мұра" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде ҚР МОМ Директоры Нұрсан Әлімбай, профессор Қалыш Аманжол, Қартаева Тәттігүл Ерсайынқызы сөз сөйлеп өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар кездесу кезінде тарих факультетінің 3 курс студенттері мен магистранттар, докторанттар сұрақ қойып, пікірталас болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушылары Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының орта мектебі оқушыларымен кездесу

04.05.2021

04.05.2021 ж. Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушылары Иманбекова А.А. және Б.Б. Бесетаевпен бірге Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының орта мектебі оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. 

Ары қарай оқу >>

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылы орта мектебі оқушыларына археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушыларымен кездесу

30.04.2021

30.04.2021 ж. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылы орта мектебі оқушыларына археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушылары: Иманбекова А. А., Б.Б. Бесетаев және Н. Ю. Сойкинамен бірге кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Ары қарай оқу >>

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен 5В041900 - “Музей ісі және ескерткіштерді қорғау” мамандығы бойынша XIII Республикалық олимпиада

30.04.2021

30.04.2021ж М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен 5В041900 - “Музей ісі және ескерткіштерді қорғау” мамандығы бойынша XIII Республикалық олимпиада өткен болатын. Олимпиадаға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3ші курс студенттерінен 2 топ, Е.Гумилев атындағы ЕНУ сонымен қатар М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттер қатысты. Олимпиада жоғары деңгейде өтті, студенттер қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, белсенділік танытты. 1 ші орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “Жалын” тобы, 2 ші орынды “Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “Мұрагер” тобы және Е.Гумилев атындағы ЕНУ студенттері иеленді. 3 ші орынды М.Әуезов атындағы ОҚУ “Тұмар” тобы алды.

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференцияның «Евразия археологиясы: өткені және бүгіні / Археология Евразии: прошлое и настоящее»

07.04.2021

Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференцияның «Евразия археологиясы: өткені және бүгіні / Археология Евразии: прошлое и настоящее» секциясы Zoom платформасында онлайн форматта өтті. Баяндама қорғау барысында әділ қазылар алқасы және студенттер тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылды. Секцияға Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттері белсенді түрде қатысты. Талқылау барысында Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің «Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттерімен екі университет арасындағы ынтымақтастық, мамандықтың ерекше тұстары мен ерекшеліктері аталып өтілді.

 

I дәрежелі диплом 1 адамға берілді:

         Куралова Зульфия. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 3-курс студенті. Қазақстандағы ортағасырлық шыны бұйымдарын зерттеу тарихы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Сагындыкова С.Т. 

ІІ дәрежелі диплом 2 адамға берілді:

         Добровольский Любомир. Студент 1 курса специальности 6В02204 – Археология и этнология ЕНУ им. Л.Н. Гумилева.                                                                                                                   Проблема критериев социальной стратификации скифских курганов. Научный руководитель: к.и.н., доцент Каженова Г.Т.

         Несіпбай Асқар. 6В02204 – Археология және этнология мамандығының 2-курс студенті. Бұланды қалашығынан табылған пиксида қақпағы. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к. аға оқытушы Утубаев Ж.Р.

         ІІІ дәрежелі диплом 3 адамға берілді:

         Ғалымжан Нұрназар. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 3-курс студенті. Жетісу жерінің жерлеу ескерткіштеріндегі метал бұйымдар. Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Жуматаев Р.С.

         Әлибай Бауыржан. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 4-курс студенті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті. Сортөбе (Ордазы) қалалар тобындағы жаңа археологиялық зерттеулер. Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Тәжекеев Ә.Ә.

         Нұрғали Несіпбай. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 3-курс студенті. Шу өңірінің ортағасырлық асүйлік қыш бұйымдарының зерттелу тарихы. Ғылыми жетекшісі: PhD Ақымбек Е.Ш.

 

 

 

Ары қарай оқу >>

Cтуденттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халқаралық ғылыми конференциясының «Дәстүрлі және заманауи этнология ғылымы: қазақстандық және әлемдік зерттеулер / Традиционная и современная этнологическая наука: казахстан и мировые исследования»

06.04.2021

Cтуденттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халқаралық ғылыми конференциясының «Дәстүрлі және заманауи этнология ғылымы: қазақстандық және әлемдік зерттеулер / Традиционная и современная этнологическая наука: казахстан и мировые исследования» секциясы Zoom платформасында онлайн түрде өтті. Конференцияда қазақ, түркі халықтары этнографиясының зерттелу проблемалары қызу талқыланды. Сонымен қатар конференцияға Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Н.П. Огарев ат. Мордов мемлекеттік университетінің (Ресей) аспиранттары да қатысты.

Әділ қазылар алқасының шешімімен:

I дәрежелі диплом 1 адамға берілді:

Петренко Н.А. Студент 2 курса специальности 6В02204 – Археология и этнология. К истории изучения эволюционизма и диффузионизма. Научный руководитель: к.и.н Шалгинбаева С. Х.

 

ІІ дәрежелі диплом 2 адамға берілді:

Аманжолова Жансая. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 3-курс студенті. Наурыз – қазақтың төл мерекесі. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бейсегулова А.Қ.

Бөкен Мадина. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 3-курс студенті. Талдықорған қаласының мәдени ескерткіші «Үш ата» ескерткіші. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б.

 

ІІІ дәрежелі диплом 3 адамға берілді:

Бадамбай Жанерке. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 3-курс студенті. Меркі жердің көркі. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б.

Тұрсынбек Ернар. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 3-курс студенті. Қазақ халқының ырым-тыйымдары. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Егізбаева М.Қ.

Шатохин Никита. Студент 2 курса специальности 6В02204 – Археология и этнология. Этнопсихология ХХI века. Научный руководитель: к.и.н Шалгинбаева С. Х.

 

Тарих, археология және этнология факультетінің деканы М.С. Ноғайбаеваның сертификатымен марапатталды:

1. Амирдин Султанмурат. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 3-курс студенті.

2. Сайлыбай Нұрай. 5В020800 – Археология және этнология мамандығының 3-курс студенті.

3. Қалыи Айдана. 6В02204 – Археология және этнология мамандығының 2-курс студенті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ары қарай оқу >>