Іс-шаралар күнтізбесі

Археология, этнология және музеология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен 3 курс студенттері Абай ауылы, Абай атындағы орта мектептте

15.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен 3 курс студенттері Абай ауылы, Абай атындағы орта мектептің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, факультеттегі мамандықтар бойынша жан-жақты ақпараттар берілді. Ғылыми бағдар жұмыстары аясында мектеп оқушылары Археология, этнология және музеология кафедрасының білім мен ғылымға қатысты іс-шаралары, далалық археологиялық, этнографиялық экспедициялар, студенттік өмірдің тыныс-тіршілігімен танысты.

Ары қарай оқу >>

Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, т.ғ.к., «Музеология және ескерткіштану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Қартаева Тәттігүл Ерсайынқызының «Бөрітаным: экспедициялық зерттеулер» атты монографиясы шықты

08.11.2021

 

Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, т.ғ.к., «Музеология және ескерткіштану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Қартаева Тәттігүл Ерсайынқызының «Бөрітаным: экспедициялық зерттеулер» атты монографиясы шықты.
Еңбекте қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы «бөрі», яғни қасқыр тотемімен байланысты халықтық білімдер жүйесі берілген. Материалдардың негізгі дені этноархеологиялық экспедициялар барысында жинақталған. Қазақ жеріндегі жартастағы қасқыр бейнесінің мағынасы талданған. Қасқыр аулаудың көне аңшылық әдістері, қақпан түрлері, қасқыр терісін илеу мен оны пайдалану берілген. Қазақ халқы қасқырдың дене мүшелерін этномедицинада қолданудың халықтық білімін игерген. Малды қасқыр тартудан қорғау мақсатында жасалатын ғұрыптар бүгінгі күні де қолданыста. Бөрінің батырлардың, бақсылардың иесі ретіндегі аңыз бейнесі де қамтылған.

Ары қарай оқу >>

Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Р.С. Жуматаев және кафедраның профессоры Т.Е. Қартаева Республикалық "Дарын" оқушыларымен кездесті

06.11.2021

04-06.11.2021 ж. аралығында Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Р.С. Жуматаев және кафедраның профессоры Т.Е. Қартаева Республикалық "Дарын" оқушылардың білім олимпиадасының "Тарих", "Этномәдениет" бағыттарына қатысатын үздік оқушылармен кездесіп, кафедра мамандықтары туралы жан-жақты мәліметтер беріп, жалпы кафедра және кафедрадағы белгілі ғалымдар туралы ақпараттармен таныстырды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті №10 студенттер үйінде ақын, жазушы Қазақстан жазушылар одағыны төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан мен кездесу

03.11.2021

2 қараша, 2021 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті №10 студенттер үйінде ақын, жазушы Қазақстан жазушылар одағыны төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан мен кездесу өтті. Аталған іс-шараға Археология, этнология және музеология кафедрасының ұстаздары т.ғ.к., профессор Т.Е. Қартаева, аға оқытушылар Б.Б. Бесетаев, А.Е. Ерғабылов және Тарих факультетінің 1-4 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында ақын балалық және студенттік шақтары туралы баяндап, қазіргі қоғамның жастарына жаһанданудың заманына бейімделу, заманауи талапқа сай бәсекеге қабілетті білім жайлы ақыл-ойларын жеткізді. Іс-шараның екінші бөлімі пікір алмасу, сұрақ-жауап форматында өтсе, кездесудің соңына қарай ақын өзінің өлеңдерін оқып, студенттердің шығармашылықтарымен танысты.

Ары қарай оқу >>

Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры Елеуов М. жетекшілігімен №AP09260898 «Ортағасырлық Қышқала (Баршынкент): Алтын Орда дәуіріндегі қалалық мәдениет контекстінде» атты жоба бойынша 2021 жылы ортағасырлық Қышқалада 4 жерде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді

03.10.2021

Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры Елеуов М. жетекшілігімен №AP09260898 «Ортағасырлық Қышқала (Баршынкент): Алтын Орда дәуіріндегі қалалық мәдениет контекстінде» атты жоба бойынша 2021 жылы ортағасырлық Қышқалада 4 жерде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Олар: Қазба 1, қазба 8, қазба 9, қазба 10. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде қазба 1 - Алтын Орда дәуіріндегі зәулім кесене болғаны анықталды. Қазба 8 өзінің формасы мен құрылысының осы өлкедегі Сырлытам кесенесіне ұқсас салынғандығы, тіпті қыш кірпіштің құрамындағы қоспалардың бірдей екендігі белгілі болды. Қазба 9-да стратиграфиялық кесік салынды, нәтижесінде бұл жерде тұрғын үй кешені құрылысының іздері кездесті. Қазба 10 мен қазба 8-де іргелес жатқан ордың не екенін анықтау мақсатынды стратиграфиялық кесік салынды. Нәтижесінде оның Алтын Орда заманындағы қамал екендігіне көз жеткізілді.

Ары қарай оқу >>

Т. ғ. д., профессор З. Самашевтың жетекшілігімен "Шығыс Қазақстанның ежелгі түркі мәдени кешені: бастау және трансформация" жобасы бойынша 2021 жылдың далалық маусымында Елеке сазы қорымында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді

02.10.2021

Т.ғ. д., профессор З. Самашевтың жетекшілігімен "Шығыс Қазақстанның ежелгі түркі мәдени кешені: бастау және трансформация" жобасы бойынша 2021 жылдың далалық маусымында Елеке сазы қорымында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Зерттеу объектілері облыс картасына түсірілді, ескерткіштің орналасуының топографиялық картасы жасалды, өлшемдер, ескерткіштің жоспары, дронның көмегімен аэрофотобарлау жасалды; қажетті материал жиналды.
Жоспарлау, ландшафтық позициялау, Түркияға дейінгі және көне түркі кезеңіндегі жерлеу және еске алу ескерткіштерінің генезисі анықталды

Ары қарай оқу >>

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қартаева Тәттігүл Ерсайынқызының жетекшілігімен «Қазақстанның шөлді атырабтарының егіншілік-малшаруашылық ландшафтарын этнографиялық және геоархеологиялық зерттеу: игеру мен бос қалдырулардың тарихи себептері» атты ғылыми жоба бойынша далалық зертте

02.10.2021

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қартаева Тәттігүл Ерсайынқызының жетекшілігімен «AP08856696 - Қазақстанның шөлді атырабтарының егіншілік-малшаруашылық ландшафтарын этнографиялық және геоархеологиялық зерттеу: игеру мен бос қалдырулардың тарихи себептері» атты ғылыми жоба бойынша 2021 жылы кешенді этнографиялық-геоархеологиялық зерттеу келесі бағыттар бойынша жүргізілді: Шу өзені аңғары, Мойынқұм құмдары, елді мекендері, Аққайнар, Мәтібұлақ, Бөрішолақ елді мекендері, Қапшағай, Іленің шөлді, жартылай шөлді аймақтары. Аққайнар, Мәтібұлақ, Бөрішолақ елді мекендерінен байырғы қоныстар, байырғы мал шаруашылығы ауылдары, өазіргі малшы ауылдар, қуаңшылықтың әсері, төрт түлік малдың бағымы, табиғи су көздерін пайдалану зерттелді.

Ары қарай оқу >>

2021 жылдың далалық маусымында Ғани Қалиханұлы Омаровтың жетекшілігімен "ШҚО Аягөз ауданының археологиялық ескерткіштері: пәнаралық зерттеулер" атты ap09261115 жобасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында зерттеу жұмыстары жүргізілді.

02.10.2021

2021 жылдың далалық маусымында Ғани Қалиханұлы Омаровтың жетекшілігімен "ШҚО Аягөз ауданының археологиялық ескерткіштері: пәнаралық зерттеулер" атты ap09261115 жобасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл өңірде жоспарлы археологиялық жұмыстар алғаш рет жүргізілді. Барлығы 50-ден астам әртүрлі дәуірдегі қорымдар мен 3 жартастағы суреттер кешені ашылды.

Ары қарай оқу >>

Кембридж университетінің Фицуильям мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды.

01.10.2021

Кембридж университетінің Фицуильям мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды. Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне ұйымдастырылды.
Оған белгілі археолог-ғалымдар, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессорлары Әбдеш Төлеубаев пен Зайнолла Самашевтың қазба жұмысы нәтижелерінде табылған Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі сақ қорғандарының алтын артефактілері қойылды. Ұлыбритания жұртшылығы біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанның Алтай тау жүйесінде үстемдік еткен скиф өркениетінің жәдігерлері, сақ қорғандарынан табылған құнды дүниелерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Көрмеде Берел, Шілікті және Елеке Сазы сияқты үш түрлі қорымнан шыққан жүзге жуық археологиялық олжа қойылған. Экспозиция ежелгі сақтардың көшпелі мал шаруашылығы, тау-кен өндірісі және металлургия салаларында бірегей мәдениеті мен терең білімі болғанын көрсетеді. Бұл кезеңді ежелгі қазақтар тарихындағы «алтын ғасыр» деп те атайды. Ең бағалы экспонаттардың бірі – киімдері 15 000 алтын заттан тұратын «алтын адамның» қалдықтары. «Ұлыбританияға және әлбетте бүкіл әлемге Қазақстанның ежелгі мәдениетін танытуға арналған ерекше мүмкіндік. Экспозиция Фицуильям мұражайында келер жылдың 30-қаңтарына дейін өтеді.

Ары қарай оқу >>

2021 жылдың 22 мамырында археология, этнология және музеология кафедрасы және "Таңбалы"мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі бірлесе отырып, «XIІI Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында далалық семинар ұйымдастырды.

22.05.2021

2021 жылдың 22 мамырында археология, этнология және музеология кафедрасы және "Таңбалы"мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі бірлесе отырып, «XIІI Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында далалық семинар ұйымдастырды.

Музей жанынан ашылған кафедра филилалына профессор Тәттігүл Ерсайынқызы этнографиялық қабырғаға арнайы суреттер табыстады. Семинар барысында музеймен жоспарланған іс-шаралар талқыланып, атқарылатын жұмыстар сараланды. "Таңбалы"петроглифтерінің барлық топтарына экскурсия жасалынды.

Ары қарай оқу >>