Іс-шаралар күнтізбесі

«Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада

27.03.2019

5В041900 – «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Оған жан-жақтан келген 6 команда қатысты. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды: таныстыру, экскурсия жүргізу, жоба қорғау. Қатысушылар тартысты бәсекеге түсті. Бас жүлдені Шымкенттік команда жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

«Бұғылар жолы» атты көрме

15.03.2019

Қазақстан республикасының мемлекеттік орталық мұражайында «Бұғылар жолы» атты көрме өтті. Көрмеде әртүрлі  қызықты, ерекше суреттерді көріп ерекше әсер алып қайттық.  Көрмеде көптеген қызықты заттарды көрдік.

Ары қарай оқу >>

Жоғары оқу орындар арасындағы пәндік олимпиада

15.03.2019

«Археология және этнология» мамандығының студенттері (Жумагалиева Ж., Қатият Қ., Дүйсенбай Н., Бейсенгазиев Н., Аккалиева А.) «Қаршыға» тобы құрамында Жоғары оқу орындар арасындағы пәндік олимпиададан 3 орын алды. 

Ары қарай оқу >>

Ең үздік ғылыми жұмыс байқауы

15.03.2019

Жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауына «Музей ісі ескерткіштерін қорғау» мамандығы 4 курс студенті қатысып: Иманалиева Дана – 2 орынды иеленді

Ары қарай оқу >>

Алматы музейінің факультеттегі көрмесі

14.03.2019

Наурыздың қарсаңында Алматы музейі Тарих, археология және этнология факультетінде этнографиялық көрме ұйымдастырды. Онда тұрмыста қолданылатын ағаштан, теріден жасалған ыдыс-аяқ, бұйымдар көрсетілді. Аталған көрмеге студенттердің қызығушылығы жоғары болды. Белгілі этнограф  Т.Қартаева көрмеге экскурсия жүргізді.

Ары қарай оқу >>

Жаңа жылдың бастауы – көрісу дәстүрі

14.03.2019

Тарих, археология және этнология факультеті, археология, этнология және музеология кафедрасы «Этнолог» клубы және «Археология және этнология» , «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрді насихаттау мақсатында 14 наурыз күні «Жаңа жылдың бастауы – көрісу дәстүрі» атты іс-шараны өтті. Іс-шара Алматы қаласы музейлер бірлестігінің көшпелі көрмесі негізінде, студенттер мен магистранттардың ұйымдастырылған концерттік бағдарлама мен ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты сұрақ-жауаппен жалғасты. Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, наурыз бойы жалғаса береді.

Ары қарай оқу >>

Алматы Орталық музейіне саяхат

13.03.2019

«Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандықтарының 4 курс студенттері Алматы қаласының орталық мұражайында Қазақстан телеарнасының 60 жылдығына орай өткізілген дөңгелек үстелге қатысып,  Алматы музейіндегі жәрігерлерді тамашалады.

Ары қарай оқу >>