„Шет тілдерін оқыту әдістемелері мен филологияның өзекті мәселері: теория және практика„ атты II халықаралық оқу-әдістемелік конференция болып өтті.

29.01.2016

Көрулер: 3979

2016 жылдың 29 қаңтары күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да „Орыс тілі және мәдениеті„ орталығының ұйымдастыруымен „Шет тілдерін оқыту әдістемелері мен филологияның өзекті мәселері: теория және практика„ атты II халықаралық оқу-әдістемелік конференция болып өтті. Конференцияға қатысушылар өз жұмыстарын үш секцияда көрсетті: „Орта және жоғары мектептерде шет тілдерін оқыту әдістемесі„, „Жоғары мектептерде филологиялық пәндерді оқыту мәселелері„ және де „Мәдениетаралық қарым-қатынас және аударма ісінің өзекті мәселелері„. Ұйымдастырушылар неміс, француз және ағылшын тілдерінен мастер-класс өткізу қарастырылған.