Масленица мерекесі тойланды

09.03.2016

Көрулер: 4465

Көптен күткен көктем мезгілі де келіп жетті. Айнала бір жайма-шуақ күйге еніп, мерекелі де берекелі күндердің бастауына себеп болып тұрғандай. Өйткені, шаруасын шыр айналдырып, ары-бері ағылып жатқан адамдардың көңіл-күйі мерекелік күнге арналған. Ал бұл тамаша мезгілде бүкіл славян халқы пасха мерекесін тойлайды. Біздің орталықтың негізгі мақсаты орыс ұлтының мәдениетімен, дәстүрімен және тілімен таныстыру. Бұл мерекеде оқытушыларымыз студенттерге арнап құймақтар пісіріп алып келіп, түрлі ойындар ойнатты. Іс-шараға қатысушылар түрлі конкурстарға қатысып, мереке жайлы видеолар қарады. Мерекелік іс-шара өте қызықты әрі пайдалы мәліметтерге толы болды.