«Қазақстандағы орыс тілі және тілдік қатынастар» атты тақырыпта ашық дәріс болып өтті.

02.12.2015

Көрулер: 3943

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де филология және әлем тілдері факультетіндегі «Орыс тілі және әдебиеті» орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы орыс тілі және тілдік қатынастар» атты тақырыпта ашық дәріс болып өтті. Дәрісті қазақстандық филолог, орыс тілі және әдебиеті оқытушыларының Қазақстандық ассоциациясының президенті - Сулейменова Элеонора Дюсеновна оқыды. Дәріске әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері, магистранттары және докторанттарымен қатар Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ студенттері де қатысты.

Дәрісте Қазақстандағы орыс тілінің жағдайы және тілдік саясат жайлы көптеген дәйекті ақпараттар айтылды. Қазақ тілі мен орыс тілінің өзара қарым-қатынастары да сөз етілді. Қазақ еліндегі орыс тілінің қанша уақыттан бері қолданылып келе жатқандығы және оның тарихи себептері түсіндірілді. Қазақстандағы қостілділік жағдайы да тілге тиек етілді.

Қатысушылардың айтулары бойынша дәріс өте жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті және тек студенттер арасында ғана емес, сонымен қатар оқытушылар арасында да қызығушылыққа ие болды. Дәріскердің тәжірибелігі, жоғары біліктілігі, жаңа идеялары және мультимедиялық материалдары – осының барлығы дәрісті пайдалы ғана емес сонымен қатар өте қызықты етті.

Дәріс тыңдаушыларын Қазақстандағы орыс тілі және тілдік қатынастар жайлы мәліметтермен дәйекті материалдар арқылы ақпараттандыру – ашық дәрістің негізгі мақсаты болды. Мақсаттың орындалғанына ешқандай күмән жоқ. Себебі білікті дәріскердің басшылығымен студенттер өздерінің білімдерін белсенді түрде көрсете білді. Оқытушының жоғарғы деңгейдегі дайындығы мен студенттердің белсенділігі іс-шараның басынан аяғына дейін өте қызықты өтуіне септігін тигізді. Әрбір қатысушы бұл дәрістен алған әсерлерін біраз уақытқа дейін ұмытпайтындығы анық.