«Л.Н. Толстойдың еңбектеріндегі жақсылық» тақырыбында ашық семинар болып өтті.

25.11.2015

Көрулер: 4625

Қатысушылардың айтулары бойынша ашық семинар өте жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті және тек студенттер арасында ғана емес, сонымен қатар оқытушылар арасында да қызығушылыққа ие болды. Дәрісті филология ғылымдарының докторы, атақты профессор Ибраева Жанар Құлматқызы оқыды. Дәріскердің тәжірибелігі, жоғары біліктілігі, жаңа идеялары және мультимедиялық материалдары – осының барлығы семинар барысын пайдалы ғана емес сонымен қатар, өте қызықты етті. Барлық қатысушылар автордың шығармаларын талдап семинарға белсенді қатысты. Семинарға «Шетел филологиясы», «Екі шет тілі» және «Орыс филологиясы» мамандықтарының бірінші курс студенттері қатысты.

Семинар барысында студенттер Лев Николаевич Толстойдың «Война и мир» және «Анна Каренина» секілді шығармаларындағы жақсылық концепциясын талдады. Бұл екі шығарма да автордың бірегей туындысы болып табылады. Атақты сыншы Леонтьев Лев Николаевич Толстойдың «Война и мир» және «Анна Каренина» атты романдарын соңғы 40-50 жыл ішінде әлем әдебиетіндегі ең керемет шығармалар деп жариялады. «Война и мир» романы өте сәтті болды. Толстойдың шығармаларының философиялық немесе дәлірек айтқанда тарихи мәні кез келген адамды баурап алады. Толстой өзінің «Война и мир» романын «өткен өмір жайлы шығарма» деп атаса, «Анна Каренинаны» «заманауи өмірдің романы» деп атады.

«Жақсылыққа сену үшін, алдымен оны жасай білу қажет». Жазушының негізгі ұстанымы осылай болды. Көптеген орыс жазушылары өздерніің шығармаларында жақсылықты дәріптеген. Олардың қатарына Лев Николаевич Толстой да жатады. Ол Ресейдің ұлы байлығы мен орыс халқының мақтанышы. Толстой орыс халқының өмірінің ғана айнасы емес, сонымен қатар адамдардың құдай алдындағы жандарының айнасы болды. Лев Николаевич Толстойдың еңбектерінің кейіапкерлері оқырмандарды бір нәрсеге үйретеді: өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүруді, өзін адамдарға арнап, ешқандай рақым күтпестен адамдарды қалай бар солай жақсы көру, әр адамның жақсылыған көре беру, әлсіздерді қорғау. Толстой бүкіл өмірін өмірдің маңызы жақын адамдарға жақсылық жасауда деп ойлаумен өткізді. Ол әрбір адамды өздеріне тән табиғаты бойынша жақсы көрді, әлсіздерді қорғады.

Автордың шығармасындағы қарапайым шындықты анықтау, жақсылықты қайғыны түсіне білу – ашық семинардың негізгі мақсаты болды. Мақсаттың орындалғанына ешқандай күмән жоқ. Себебі білікті дәріскердің басшылығымен студенттер өздерінің білімдерін белсенді түрде көрсете білді. Оқытушының жоғарғы деңгейдегі дайындығы мен студенттердің белсенділіг іс-шараның басынан аяғына дейін өте қызықты өтуіне септігін тигізді. Әрбір қатысушы бұл семинардан алған әсерлерін біраз уақытқа дейін ұмытпайтындығы анық. Бұл ашық семинар «Орыс тілі және әдебиеті» орталығының толық кейіптелуі болып табылады.